Анонс


Белгілі кәсіпкер музейге Көкбай Жанатайұлының мүсінін сыйға тартты

Дүйсенбі, 01 Маусым 2015 14:46
Белгілі кәсіпкер музейге Көкбай Жанатайұлының мүсінін сыйға тартты KAZMUSEUM.KZ -  

Семейдегі Абай музейі өздерінің музей қорындағы жәдігерлерін көбейту мақсатында «Музейге сый тарту» акциясын ұйымдастырды.

ШҚО, Абай ауданының азаматы Ерлан Ылдибаев ақын К.Жанатайұлының мүсінін жасатып, «Көкбай Жанатайұлының музейіне» тарту етті. Алдағы уақытта да қорық-музеймен тығыз қарым-қатынаста болып, қолдан келген көмегін аянбайтындығын жеткізді.

Ылдибаевтар әулеті – Абай ауданына, Семей жұртшылығына белгілі, құрметті шаңырақ. Осы отбасынан тараған ағайындылар - еліміздің рухани дамуына үлес қосып жүрген абыройлы азаматтар. Бір әкеден тараған інісі Ардақ Арнаұлы 2001 жылы «Информ» баспасында «Көкбай Жанатайұлының шығармаларын» алғаш жарыққа шығарған болатын.

Музей директоры Ж.Әубәкір ақынның мұрасын насихаттауға қосып жатқан үлесі үшін Ерлан Арнаұлына алғысын білдірді. Осындай акция аясындағы шаралар – тарихымыз бен бүгінімізді кеңінен насихаттайтын, жас ұрпаққа патриоттық тәрбиені сіңіруге оң ықпалын тигізетін рухани бай құндылықтар екенін жеткізді.

2680 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper