Анонс


Семей музейіне Құран кітабы табысталды Таңдаулы

Дүйсенбі, 26 Қаңтар 2015 06:00
Семей музейіне Құран кітабы табысталды KAZMUSEUM.KZ -  

Семейдегі татар қоғамдық орталығының музейіне қасиетті кітапты жергілікті тұрғын тапсырған. Ер кісінің айтуынша, Құран оған бабасынан мұра болып қалған. 

Кітаптың беткі тұсында ұлғайтқыш айна бар. Соның көмегімен кітапты қиналмай оқып шығуға болады. Ғасырдан астам тарихына қарамастан, Құран жақсы сақталыпты. Оған сыртқы қабатының таза мыстан жасалуы себеп екендігін алға тартады мамандар.   

- Мұндай кішкентай көлемдегі Құранды алғаш рет көріп тұрмын. Оны қалтаға салып та, мойныңа тұмар ретінде іліп жүруге де болады, - дейді музей басшысы Шаукат Файзуллин.

5584 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper