Анонс


Ақмола облысында тракторшы мамонттың мүйізін тауып алды

Сенбі, 20 Желтоқсан 2014 09:10
Ақмола облысында тракторшы мамонттың мүйізін тауып алды KAZMUSEUM.KZ -  

Ақмола облысындағы Жолдыбай құм кенішінен мамонттың мүйізі табылды. Ежелгі пілдің сүйегін карьер қазып жатқан тракторшы байқап қалған. Бірақ кеніш басшылары археологтар зерттеулерін бастап кетсе, жұмысты тоқтатып тастауы мүмкін деп сүйекті бірден көрсетуге тыйым салыпты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. 

Құм кеніші тұрған жер ертеде үлкен көл болған екен. Кейін ол жанандағы елді-мекенді басып қалған деседі жергілікті тұрғындар. Тракторшы Ерболат Кәрімов мүйізден басқа да ірі сүйектерді тауып алған. Бірақ басшылардың ауыздарыңды ашпаңдар деген бұйрығынан сескендім дейді. Осылайша сүйекті үйінде жарты жылдай сақтаған. Кейін барып өлкетану музейінің қызметкерлеріне көрсетуді жөн көрген. Археологтар мүйізге ұқсас сүйектің өлшеміне қарап мамонттікі болуы мүмкін дейді. Бірақ нақтылау үшін олар Алматыдағы ғылыми зерттеу институты мамандарының көмегіне жүгінбек.

Ерболат Кәрімов, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Алғаш көргенде ағаш деп трактормен сырып тастадым. Алып шықсам сүйек екен. Сосын тағы жілігі шықты.Кім біледі енді мүмкін мамонт осы жерден өтті ме? Бұл  тарих қой. 

5720 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper