Ауласынан тарихи жәдігер тауып алды

Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2014 18:44
Ауласынан тарихи жәдігер тауып алды KAZMUSEUM.KZ -  

Түлкібас ауданындағы Кершетас ауылында көне заманның құмырасы табылды. Бұл туралы "Алматы ақшамы" газетінде жарияланды. 

Биіктігі 80 және 90 сантиметр болатын екі жәдігер Рысымбековтер жанұясының ауласынан шыққан. Үйінің жанынан жер қазып жатқан Ерғали Рысымбеков күрегінің белгісіз қатты затқа тигенін аңғарады. Ақырын, айналасын кеңейтіп, түбін тазалағанда үй иесі заттың құмыра екенін көреді. Саздан жасалған ыдыс жердің астында екі метр тереңдікке қатар қойылған. Іші топырақпен толтырылып, беті арнайы кірпішпен жабылған. Е.Рысымбековтың айтуынша, көне ыдыс су сақтауға не болмаса бидайға арналған болуы мүмкін.  

2736 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper