Жезқазған музейі тұрғындарды акцияға қатысуға шақырады Таңдаулы

Сенбі, 06 Мамыр 2017 01:17
Жезқазған музейі тұрғындарды акцияға қатысуға шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде  халықаралық музейлер күніне арналған «Тарихта өз атыңды қалдыр» атты акциясы өтуде, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

2017 жылғы 13 сәуірде басталған бұл акция 18 мамырға дейін жалғасатын болады.  Акция барысында аймақ тұрғындарынан тарихи, мәдени, тұрмыстық маңызы бар жәдігерлер қабылдау жоспарланып отыр. Осыған орай, барлық азаматтарды акцияға белсенді қатысып, қолдарында бар этнография, қазақ халқының және Қазақстан халқының ұлттық заттары, 1950-1990 жылдардағы тұрмыста қолданылған заттар, қала және өңір тарихына қатысты құжаттар мен заттар, нумизматикалық заттар, космонавтика тақырыбына қатысты фотосуреттер, құжаттай және заттай жәдігерлер, тарихи жазбалар, археологиялық жәдігерлерді музейге өткізіп, тарихта атын қалдыруды сұрайды.

Акция 18 мамыр күні сағ. 11.00-де қорытындыланып, құнды әрі сирек жәдігерлер өткізген тұрғындарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталатын болады. Осы күнгі шараға Тайжан Қалмағамбетовтің, Қуаныш  Ахметовтың, Қостанкелді батырдың ұрпақтары  қатысып, музейдің қорына жәдігерлер тапсырады. Қатысушылар назарына балбал тастар туралы көрініс көрсетілетін болады.

463 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper