Оралда эгоистерге арналған самаурын көрмеге қойылды

Сәрсенбі, 03 Мамыр 2017 02:29
Оралда эгоистерге арналған самаурын көрмеге қойылды KAZMUSEUM.KZ -  

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ғажайып самаурындар әлемі» атты көрме ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрмеге қойылған жеке коллекционер А.Т.Мухановтың коллекциясында 204 құнды жәдігер бар. Олардың ең негізгілері көрмеге қойылды. Коллекцияны сонау замандардағы Баташева, Маликова, Шемарина, Демидова, Попова, Фраже сияқты танымал фабрикалардан шығарылған әртүрлі самаурындар құрайды.

Бұл самаурындардың бір-біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, «Роза» самаурыны – елімізде баламасы жоқ жалғыз самаурын. Ал «Кальян» самаурыны болса не бары екі коллекционердің қолында сақталған. «Шурлепов» самаурыны бүгінгі таңда біреу ғана. Сонымен қатар тұғыры алынбалы жол самаурыны, жалғызбасты адамдарға арналған «Эгоист» самаурыны, екі жұпқа арналған «Тет-а-тет» самаурыны көрермен назарына ұсынылады. Арқаға асынатын бауы бар жауынгер самаурыны, дүкендер мен трактирлерде тұратын, балаларға арналған самаурындар да көрмеден табылды. 

598 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper