Тақия тігуге арналған ерекше жәдігер музейге табысталды

Жексенбі, 23 Қазан 2016 02:42
Тақия тігуге арналған ерекше жәдігер музейге табысталды KAZMUSEUM.KZ -  

 «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне «Абыздан жеткен асыл сый» акциясы аясында құнды жәдігерлер табысталды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.  

Түркістандық қолөнерші шебер Н.Қамрақұлов пен қажы М.Шалапов және Шәкір қари «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне көне қолжазбалар мен бас киім (тақия) тігуге арналған ағаштан жасалған көне жәдігерді табыс етті. Алдағы уақыттарда да акция өз жалғасын табады.

Айта өтейік, акция мақсаты - көздің қарашығындай болып қалған ата-баб мұрасын музейге алып көпшіліктің назарына ұсынып, жас буын ұрпаққа насихаттау. 

1061 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper