Жақсылық Үшкемпіров өзінің алтын медальдарын музейге тапсырды

Сейсенбі, 11 Қазан 2016 04:04
Жақсылық Үшкемпіров өзінің алтын медальдарын музейге тапсырды KAZMUSEUM.KZ -  

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде еркін күрестен Олимпиада чемпионы, КСРО Еңбек сіңірген спорт шебері(1980), Әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровпен кездесу өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.  

Музейге келген қонақтарға экскурсия жүргізіліп, Б.Тұрлыханов, Д.Тұрлыханов және Ж.Үшкемпіров жайлы деректер көрсетілген Семей аймағы спортының дамуы жайлы  экспозициямен таныстырылды. Жақсылық Үшкемпіров өзінің Олимпиадада алған Алтын медалі мен қоса тағы төрт медалін, кітаптарын музей қорына салтанатты түрде табыс етті. Шараға қала әкімі Е.Сәлімов, қала әкімінің орынбасары Н.Шарова, спорт ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, достары қатысты.

1801 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper