Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі онлайн тәртіпте жұмыс істейді

Сейсенбі, 17 Наурыз 2020 22:22
Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі онлайн тәртіпте жұмыс істейді KAZMUSEUM.KZ -  

Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі 2020 жылғы  17 наурыздан бастап, онлайн тәртіпте жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Музей ұжымы онлайн тәртіпте экскурсиялар мен саяхаттар, көрмелердің ашылуын ұсынуды жоспарлаған.

Онлайн тәртіптегі жобаларды тамашалау үшін музейдің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазылу қажет.

Айта өтейік, осы уақытқа дейін жұмыс тәртібіне Абай қорық-музейі де көшкен болатын.

301 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper