«Таңбалы» қорық-музейінің кәдесыйлары сатылымға шықты

Сейсенбі, 26 Қараша 2019 21:37
«Таңбалы» қорық-музейінің кәдесыйлары сатылымға шықты KAZMUSEUM.KZ -  

«Таңбалы» мемлекеттік тарихи - мәдени және табиғи қорық музейінде «Таңбалы» петроглифтері бейнеленген отандық өндірушілер тарапынан жасалған  кәдесыйлар мен  естелік бұйымдар сатылымға енді.

«Таңбалы» кешеніне алыс жақын шет елден және республикамыздың түкпір - түкпірінен келетін туристер  аталған бұйымдарды естелік ретінде сатып алуына  мүмкіндіктер қарастырылған.

Бұл естелік бұйымдарда «Таңбалы» шатқалындағы жартас суреттері яғни,  петроглифтері  бейнеленген. Олар - жұмыс үстеліне немесе басқа да  көрнекі орындарға  қоюға арналған шағын тұғырлы тастар мен табақшалар және магнитті жапсырмалар.

Кезекті демалысқа немесе іс-сапармен шетелге барған кез  - келген жан өз еліне базарлық пен кәдесыйлар әкеліп жатады. Бұл кәдесый саяхат туралы естелік болып қалады. Тіпті, қажетке жарай қоймайтын кішкене бұйымның өзі сапардағы қызықты сәттерді еске түсіреді.
Қазақстанға келген туристер өз елдеріне тарихи кітаптар, ұлттық аспаптар мен құнды жәдігерлердің көшірмесін алып кетеді екен. Бұл дәстүр «Таңбалы» қорық музейін тамашалауға келген шетелдік туристерден жиі байқалады. Яғни, құнды жәдігерлерлер мен  ұлттық бұйымдарды негізге ала отырып жасалған  кәдесыйлар -  сол елдің ұлттық болмысын, тарихы мен мәдениетін насихаттайтын бірден-бір құрал.

Ал, бірнеше ғасырларды қойнауына басқан, Жетісу өңіріндегі ашық аспанасты музейлерінің бірегейі - «Таңбалы» қорығы жартас өнерінің сирек үлгілері қалыптасқан тарихи мекен.  

 

Анар ОРАШЕВА, «Таңбалы» қорық-музейінің экскурсоводы

623 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper