Елордадағы жаңа музейді таратуды ұсынды

Бейсенбі, 11 Шілде 2019 16:58
Елордадағы жаңа музейді таратуды ұсынды KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік пен келісім музейін жабуды ұсынып, көпшілік талқысына салу үшін электронды үкімет порталына ақпарат жариялады деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Талқылауға арналған мәтін жобасында музейді тарату жолымен музейдің мүлкін  «Конфессияаралық және өркениетаралық диалог бойынша Назарбаев орталығы» коммерциялық емес АҚ-ға беруді ұсынған.

Талқылау жобасы 2019 жылғы 18 маусымға дейін жалғасады.

Айта өтейік, музейдің ашылғанына екі жылдан асқан жоқ. 

299 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper