Отырар қорық-музейі мобильдік қосымшасын іске қосты

Сейсенбі, 23 Сәуір 2019 12:43
Отырар қорық-музейі мобильдік қосымшасын іске қосты KAZMUSEUM.KZ -  

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі 2019 жылғы 10 сәуірден бастап Android платформаларына арналған мобильдік қосымшасын іске қосты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Мобильдік қосымшаның көмегімен Отырар өңіріндегі археологиялық және сәулет ескерткіштері мен тарихи-мәдени мұраларымен танысумен, сондай-ақ, қорық-музей туралы, музей қонақтарына көрсетілетін қызметтер, музей жаңалықтары, музей экспозициясы мен жәдігерлері туралы мәліметтер алуға болады. Бүгінде интернет біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне, қарым-қатынас жасаудың жаңа формасына, коммуникацияны ұйымдастырудың заманауи тәсіліне айналды. Сонымен қатар, қоғаммен тығыз байланыс орнату мақсатында мекеме директорының блогы ашылды.

Мобильдік қосымшаны Google Play Market арқылы жүктеп алуларыңызға болады.

Айта өтейік, бұл қосымша ҚР Музей қызметкерлерін қолдауға арналған «Kazmuseum.kz» қорының деректеріне сәйкес, Қазақстан музейлерінің сайттары арасында алғаш рет іске қосылған мобильдік қосымша болып саналады.

319 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper