Қазақстанда жаңа бағыттағы музей ашылады

Бейсенбі, 17 Қаңтар 2019 11:16
Қазақстанда жаңа бағыттағы музей ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында елімізде жаңа музейлер ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты ҚР Қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында атқарылатын жұмыстар аясында Маңғыстау облысында жаңадан музей ашу жоспарланған. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың жаңа тәсілдеріне арналған жиында Қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова мәлімдеді.

«Өңірлерде тарихи-мәдени саябақтар, «ашық аспан астында» музейлер ашылатын болады. Атап айтқанда, Маңғыстау облысында бұрғылаушы геологтар музейін ашу, «Отырар», «Таңбалы», «Ұлытау» республикалық музей-қорықтарында 3 сапар-орталық салу жоспарлануда. Сонымен қатар, 20-дан аса қасиетті нысандарға қайта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады», - деп атап өтті вице-министр Ж.Омарбекова.

Айта өтейік, осыған дейін Түркістан қаласында жаңа музейлер ашылатынын және Павлодар қаласындағы музейлердің ғимараттары қайта салынатынын хабарлаған болатынбыз.

421 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper