Музей саласына қатысты журнал жарыққа шықты

Бейсенбі, 15 Қараша 2018 13:59
Музей саласына қатысты журнал жарыққа шықты KAZMUSEUM.KZ -  

Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі тарихи-танымдық, ғылыми-көпшілік «Қарахан» журналын жарыққа шығарды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Редакция қазіргі уақытта екі тілде (қазақ,орыс) мақалалар қабылдап, оны тегін жариялауға уәде еткен.  Журнал екі айда бір рет жарыққа шығып отырады. Тарихи-танымдық, ғылыми мақалаларды karahantaraz@mail.ru поштасына жіберуге болады.

Айта өтейік, қазіргі уақытта музейлер тарапынан «Мәдени мұра» (Ұлттық музей), «Абай музейінің хабаршысы» (Абай қорық-музейі) журналдары мен «Ясауи мұрасы» (Әзірет сұлтан қорық-музейі) газеті жарыққа шығып тұрады.

195 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper