Ұлттық музей аудиоархив жобасын таныстырды

Дүйсенбі, 12 Қараша 2018 14:20
Ұлттық музей аудиоархив жобасын таныстырды KAZMUSEUM.KZ -  

Ұлттық музейде «Қазақ ұлттық музыка өнері» атты аудиоархивтің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Аудиоархивтен көнеден жеткен күйлер мен әуезді әндерді алғашқы орындаушылардың нұсқасында тыңдауға болады. Сондай-ақ, болашақта ел арасында халықтың ықыласына бөленіп жүрген өнерпаздарды шақырып, бұрын-соңды таспаға түспеген шығармаларын жазып алып, өңдеп, кейін жұртшылық назарына ұсыну жоспарланған. Музейде өткізілетін осындай әрбір мәдени шара соңында өнер адамдары өздерінің туындыларын қалаған нұсқасында өткізіп кете алады. Яғни, қор ұдайы толығып отырады», - делінген Ұлттық музей таратқан хабарламада.

115 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper