«Қазақстанның облыстық өлкетану музейлері одағы» құрылды

Сенбі, 26 Мамыр 2018 00:25
«Қазақстанның облыстық өлкетану музейлері одағы» құрылды KAZMUSEUM.KZ -  

Астанада «Рухани қазына-2018» фестивалінің аясында өткен «Музейлер – ғылым мен зерттеушіліктің берік діңгегі» атты диалог алаңында «Қазақстанның облыстық өлкетану музейлері одағы» құрылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Күн тәртібіне сәйкес, ынталы топтың ұсынуымен «Қазақстанның облыстық өлкетану музейлері одағын» құру мәселесі де қаралды. Одақты құруға қатысушылар тарапынан қарсылық болмады. Диалог алаңына қатысушылар бірауыздан «Қазақстанның облыстық өлкетану музейлері одағын» құру туралы бастаманы қолдады. Қатысушылар Одақтың басқарма төрағалығына БҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаевты, оның орынбасары лауазымына Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Гүлнұр Егембердиеваны сайлады.

Музей саласындағы ұзақ жылғы жемісті тәжірибесі ескеріліп, Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Тамара Жұмалиева және музейтанушы Нұрсерік Жолбарыс төраға мен оның орынбасарларына кеңесші ретінде бекітілді. Алдағы уақытта Одақтың Жарғысы ҚР Әділет министрлігіне ұсынылады. Жұмыс жоспары мен мақсат-міндеттері ресми түрде жарияланатын болады.

818 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper