Ақтөбелік кәсіпкер Жұбановтар музейін салып берді

Сенбі, 05 Мамыр 2018 01:05
Ақтөбелік кәсіпкер Жұбановтар музейін салып берді KAZMUSEUM.KZ -  

Ақтөбелік кәсіпкер Қайрат Майтеков өз қаражатына компизитор Ахмет Жұбановтың рухына арнап «Жұбановтар әлемі» музей-үйін тұрғызды.

Кәсіпкер осы бастамасы арқылы Жұбановтар әулетінің мұрасын сақтап, танытуға атсалысқысы келгенін айтты.

Музей Құдайберген Жұбановтың жазу машинасы, Ахмет Жұбановтың ноталық парақтары және Жұбановтар отбасының жүздеген экспонаттарымен толықтырылды.

Сонымен бірге, жоба шеңберінде Майтековтер отбасы өз есебінен аймақтың жас таланттарын халықаралық конкурстар мен фестивальдерге жіберуді жоспарлап отыр.

 

 

Фотосурет 2018 жылғы сәуір айында түсірілген. 

180 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper