Алматы музейі наурыз айына арналған жұмыс жоспарын жариялады

Сенбі, 03 Наурыз 2018 03:26
Алматы музейі наурыз айына арналған жұмыс жоспарын жариялады KAZMUSEUM.KZ -  

Алматы музейі наурыз айына арналған жұмыс жоспарын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Музейде О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжінің 80 жылдығына орай наурыз айында әр апта сайын төмендегі тақырыптар бойынша  колледждер арасындағы қолөнер байқаулары және шеберлік класстары ұйымдастырылады:

1 наурыз 2018 жылы «Көркем әшекейлеу және графика»;

6 наурыз 2018 жылы «Гобелен, кесте және киіз»;

13 наурыз 2018 жылы «Мүсін және қыш бұйымдары»;

30 наурыз 2018 жылы «Ағаш ою және зергерлік бұйымдар».

Сонымен қатар, 15 наурыз -15 сәуір аралығында Елбасы Н.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асыру мақсатында Айжан Әбдібаитованың «Зерлеу өнері: дәстүр және жаңғыру» атты жеке көрмесі өтеді.

Мерекеге орай, 22 наурыз күні Астана алаңында «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК  ұйымдастыруымен «Жаңғыру. Музей  керуені» атты жылжымалы көрме өтеді.  

355 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper