Астанадағы музейлерге жаңа басшылар тағайындалды Таңдаулы

Сейсенбі, 05 Желтоқсан 2017 19:26
Астанадағы музейлерге жаңа басшылар тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

Астанадағы музейлерге жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен ҚР Бейбітшілік пен келісім музейіне басшы болып Күлбаева Жазира Тайтөлеуқызы тағайындалды.

Жазира Тайтөлеуқызы осы уақытқа дейін “КарЛаг” музейінің директоры, ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығының директоры, ҚР Ұлттық музейі директорының бірінші орынбасары, ҚР Бейбітшілік пен келісім музейі директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Музей саласында 10 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Сондай-ақ, Астана қаласының мәдениет басқармасынан белгілі болғандай, “Атамекен” мемориалдық музей-кешеніне конкурстық  комиссияның шешіміне сәйкес, директор болып Сейдімбек Салтанат Ақселеуқызы тағайындалды. Ол осы қызметке дейін “ҚазақКонцерт” мекемесінде басшылық қызметте болған. 

2299 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper