Орталық музей ұсынады: Қараша мен желтоқсан айларына арналған анонс

Сейсенбі, 07 Қараша 2017 12:30
Орталық музей ұсынады: Қараша мен желтоқсан айларына арналған анонс KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2017 жылғы  қараша және желтоқсан айларында өтетін уақытша көрмелердің анонсын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Жоспарланған көрмелер:

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасымен бірлескен «Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі. Ашылу салтанаты: 2017 жылдың 10 қарашасында сағат 11.00. Көрме 2018 жылдың 14 қаңтарына дейін жалғасады.

Сағат 14.00-де «Ғылыми-білім беру қызметіндегі инновациялық жұмыс түрлері» (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының жұмыс тәжірибесінен) семинары өтеді.

 - 11 қараша сағат 10.00-де «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы: мемлекеттік басқару стратегиясы және көшбасшы феномені» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өз жұмысын бастайды.

- 11 қараша сағат 15.00-де осы алаңда «Рухани сананы жаңғыртудағы музейдің, архивтің, кітапхананың рөлі» ғылыми-тәжірибелік семинары және «Рухани сананы жаңғырту: кітапхана және архив қызметтерінің өзекті мәселелері» дөңгелек үстелі өтеді.

 - 2017 жылдың 11-14 қарашасында «Пекин жібек жолының фарфор ертегісі» атты Қытай фарфорының көрмесі. Ашылу салтанаты: 2017 жылдың 11 қарашасында сағат 15.00. Көрме 2017 жылдың 14 қарашасында  дейін жалғасады.

2017 жылдың 2-3 желтоқсанында Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік Орталық музейі  мен «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы дәстүрлі «Шығыс базары» атты Орталық-Азиялық қолөнер   көрме-жәрмеңкесін өткізеді.

14-17 желтоқсан 2017 ж.  «Christmas Art  Fair» жәрмеңке-көрмесі.

 

 Жұмыс істеп тұрған көрмелер:

- Дүниежүзілік жазушылар күніне арналған қазақтың көрнекті ақын жазушылары- М.Әуезовтың 120 жылдық, Ғ. Мүсірепов пен Ғ. Мұстафиннің 115 жылдық, Д.Әбілов пен Ғ. Ормановтың 110 жылдық, Ә. Шәріповтың 110 жылдық және Ә. Нұршайықов пен С. Шаймерденовтың 95 жылдық мерейтойларына арналған «Халық жүрегіндегі қаламгер» атты көрмесі.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейіндегі тұрақты жұмыс жасайтын экспозициялар:

 

•         1 – Палеонтология и археология залы;

•         2 - Тарихи этнографиялық залы;

•         3 -  Қазақстан Ұлы отан соғысы жылдарында, диаспоралар мәдениеті залы;

•         4 -  Қазіргі қазақстан залы;

•         5-  «Ашық қор – қазақстанның архелогиялық алтыны» экскурсиялық қызмет көрсетуді қосқандағы кіру ақысы – 1300 тг.

•         6 - «Антропология музейі» - экскурсиялық қызмет көрсетуді қосқандағы кіру ақысы – 1000 тг.

•         7 –  «Н.Г. Хлудов» - залы - экскурсиялық қызмет көрсетуді қосқандағы кіру ақысы – 1000 тг.

 

 Мекен-жайы: Самал – 1 ы.а., 44 үй, т. 264-55-77, 264-46-50

Жұмыс кестесі: 9.30-дан 18.00-ге дейін, әр сейсенбі күні демалыс

Музейге кіру ақылы: ересектер үшін 300 теңге, студенттер үшін 200 теңге, зейнеткерлер үшін 150 теңге,  оқушылар үшін 100 теңге, шетелдік турист қонақтар үшін 500 теңге. 

 

351 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper