«Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне жаңа басшы тағайындалды

Сейсенбі, 05 Қыркүйек 2017 14:58
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне жаңа басшы тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына директордың міндетін атқарушы тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, Нұрболат Қадырұлы Ахметжанов «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына директордың міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Музей ұжымына жаңа басшыны Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Уәлиев Қуатжан Серікқазыұлы таныстырды.

Айта өтейік, осы уақытқа дейін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры болып қызмет атқарған Жандос Әубәкір «ҚазҚайтаЖаңғырту» мекемесіне директор болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз. 

1102 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper