Танымал журналист Сәуле Әбединова музейге басшы болып тағайындалды

Сәрсенбі, 04 Қаңтар 2017 16:37
Танымал журналист Сәуле Әбединова музейге басшы болып тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

Ел арасында «Ақжүніс» атанып кеткен, танымал журналист Сәуле Әбединова Алматы қалалық ішкі істер департаментінің музейіне басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Сәуле Әбілдаханқызы Әбединова 1972 жылғы 29 қаңтарда дүниеге келген.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының театр және кино факультетін «театртанушы, өнер мекемелерінің менеджері» мамандығы бойынша бітірген. «Өнертану магистрі» магистрлік дәрежесі бар.

Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті» газетінде мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып бастаған. Ел арасына «Қазақстан» Ұлттық арнасының «Ақжүніс» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі ретінде кеңінен танылды. Кейінгі жылдары «Ақжүніс-Астана» журналын шығарып, ғылыми қызметпен айналысты. Монографиялық жинақтың авторы.

Республикалық және халықаралық шығармашылық бірнеше одақ пен ұйымның алғыс хатымен марапатталған.

 

 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚ: Тұңғыш Президент музейінің директоры қызметінен босатылды

 

4578 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper