Анонс


Тарихи-мәдени мұра мәселелеріне туралы заңға өзгерістер енгізілді

Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2015 11:42
Тарихи-мәдени мұра мәселелеріне туралы заңға өзгерістер енгізілді KAZMUSEUM.KZ -  

Мәжілістің жалпы отырысында  палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады ҚазАқпарат. 

Заң жобасы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде жүктеген тапсырмаларын, сондай-ақ ҚР мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыруға бағытталады. Бұл ретте Қазақстан ратификациялаған материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенция негізінде материалдық емес мәдени мұраны қорғауға және БҰҰ қызметіне Қазақстанның қатысуына бағытталған нормалар қамтылады.

Құжатқа сәйкес, мәдени қоғамдастықты тарту және мәдениет саласындағы басқарушылық мәселелерді үйлестіру мақсатында ҚР Президенті жанынан Әдебиет және өнер жөніндегі ұлттық кеңес құру көзделген. Бұдан бөлек, мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін уәкілетті орган жанынан салалық көркемдік кеңестер құру қарастырылады.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, мәдени саясат тұжырымдамасын іске асыру барысында қазірдің өзінде бірқатар салалық кеңестер құрылып,  қызметке кіріскен.

«Бәсекеге қабілетті отандық өнімді жасау мақсатында театр, музыка, хореография, цирк өнері, кино өндірісі, музей ісі және археология, көркем сурет, сәулет, дизайн, қорық-музейлері, әдебиет және кітап шығару жөніндегі салалық көркемдік кеңестер құрылып, алғашқы отырыстары өткізілді. Қазіргі уақытта біз бұл кеңестердің қызметін заңнамалық деңгейде бекітуді көздеп отырмыз», - деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

 

2889 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper