Анонс


Министрлік музей саласына қатысты жаңа қағиданы бекітті Таңдаулы

Дүйсенбі, 04 Сәуір 2016 11:00
Министрлік музей саласына қатысты жаңа қағиданы бекітті KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мəдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге жəне цирктерге субсидиялар төлеу қағидалары бекітілді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 16 қараша №354 Астана қаласы

Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мəдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге жəне цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 35-бабының 5-тармағына жəне «Мəдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-7) тармақшасына сəйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мəдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге жəне цирктерге субсидиялар төлеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің Экономика жəне қаржы департаменті заңнамада белгіленген тəртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жəне мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куəландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтың актілерінің эталонда бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куəландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уəкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;

3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) жəне 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ. 

 

3767 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper