Анонс


МУЗЕЙДЕГІ ТҮН: Қазақ хандарының киімдері халық назарына ұсынылады

Дүйсенбі, 18 Мамыр 2015 17:51
МУЗЕЙДЕГІ ТҮН: Қазақ хандарының киімдері халық назарына ұсынылады KAZMUSEUM.KZ -  

Халықаралық музейлер күнінде мұнда ашық есік күні өтті. Қонақтар үшін ерекше шеберлік сабақтарын қолданбалы өнер шебері Болат Бейісбеков пен қыш өнерінің шебері Кендебай Қарабдалов өткізді.

Бұдан басқа, қонақтарға 18-ші ғасырда қолданылған самаурындар экспозициясы көрсетілді. Музей барлығы 70-тен астам самаурын жиналды.

Музейлер күнінде қала қонақтары мен тұрғындары мұндағы 80 мыңнан астам экспонатты тегін көру мүмкіндігін алған. Олардың арасында керамикалық ыдыс-аяқ, көне тұрмыс заттары, әшекейлер, хандар киген киім, тіпті, көне қолжазбалар да бар. Көпғасырлық тарихқа ие олар «Қазақ хандығы» деп аталатын жаңа залда орналасқан, бұған дейін экспонаттар қоймаларда сақталған болатын.

Музейде барлығы 4 зал бар, қонақтар оның әрқайсысына кіре алды. Бүгін тарих-өлкетану музейі сағат 24:00-ге дейін жұмыс істейді. 

 

2897 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper