Анонс


Қостанай облысындағы департамент музейінде жаңа экспозициялар ашылды

Жұма, 27 Наурыз 2015 12:26
Қостанай облысындағы департамент музейінде жаңа экспозициялар ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің музейінде еліміздің өртке қарсы қызметінің тұңғыш генерал-майоры Серік Әубәкіровтің құрметне және Алматыда өтіп жатқан өрттен құтқару спорты бойынша Х әлем чемпионатына арналған салтанатты экспозицияның ашылуы болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Алматыда өтіп жатқан өрт-құтқару спорты бойынша Х әлем чесмпионатының сирек кездесетіні, иллюстрациясы және фото-материалдары жаңа бұрыш көрмесін департаменттің музейінде өзінің орнын тапты. Онда чемпионаттар тарихында ең бірінші рет Қазақстанда өткен жарыс және ең бірінші рет қазақстандық жасақтар жауынгерлік жарысы туралы материалдар бар.

Департамент бастығы, өртке қарсы қызмет полковнигі Талғат Кәкімов генерал Серік Әубәкіровтің өмірінідегі негізгі кезеңдері туралы айтып өтті.

Талғат Кәкімов: «1985 жылы КСРО ІІМ Алма-Аты өрт-техникалық училищесін аяқтаған соң Алматыда осы саладағы лауазымды қызметтерде болды. 1996 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғарғы техникалық училищесін өрт қауіпсіздік инженері мамандығы бойынша тәмәмдады. 2008 жылдың 11 сәуірінен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет төрағасы болды. Серік Ғабдуллұлы ҚР ТЖМ құрылу көз-қайнарында тұрған, Өртке қарсы қызмет комитеті, өртке қарсы нормативті-құқық базасының жаңадан даярлауға қатысты. Отан алдында оның еңбегін мемлекет жоғары бағалады. 2011 жылдың 5 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің № 73 жарлығымен С.Ғ. Әубәкіровқа өртке қарсы қызмет генерал-майор арнайы атағы берілді. Серік Ғабдуллұлы біздің Отанымыздың адал қызметкері, барлығымыз үшін үлгі, болып келеді», - деді.

Департамент музейі төтенше жағдайлар органдарының тарихы туралы ғана емес, Отанды сүюге және аға ұрпақ еңбегіне құрметпен қарауға, қазақстандық жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеуге үлес қосады.

2326 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper