Анонс


Ықылас атындағы музейде Азия мен Еуропаның музыкалық аспаптары залы ашылды

Дүйсенбі, 24 Ақпан 2020 15:43
Ықылас атындағы музейде Азия мен Еуропаның музыкалық аспаптары залы ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Азия халықтарының музыкалық аспаптары» және «Еуропа халықтарының музыкалық аспаптары» залдары ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Жаңа залдар музейге келушілердің санын арттыруға және келушілерді әлемнің музыкалық мәдениетімен кеңірек таныстыруға мүмкіндік береді. Музейге келушілерді әр экспонат жайында толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, музей залдары заманауи ақпараттық киосктар және бейнеконтенттік проекторлармен жабдықталды.

Сондай-ақ, тарихта «Алтын ғасыр» атанған ХІХ ғасырдың ірі тұлғалары күй атасы – Құрманғазыдан бастап, Махамбет, Есбай, Ақан сері, Жамбыл, Дина, Қазанғап, Нұрғиса Тілендиев, Ахмет Жұбанов, Абай Құнанбайұлы т.б. күй тарландары мен күміс-көмей әншілердің домбыраларының дыбыстары жазылып, цифрлық форматта дискі ретінде «Жәдігер» атты музыкалық антология ретінде жарыққа шықты. Антологияда осы тұлғалардың домбырасымен қазіргі таңда ізін жалғастырып жүрген дәстүрлі өнер майталмандары белгілі шығармасын орындап, домбыраның қайталанбас дыбыстары жазылды.

2601 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper