Анонс


Жәнібек ханның дулығасы АҚШ-қа қалай жетті? Таңдаулы

Дүйсенбі, 17 Тамыз 2015 14:17
Жәнібек ханның дулығасы АҚШ-қа қалай жетті? KAZMUSEUM.KZ -  

АҚШ-тың Метрополитен өнер институтының музейіне Алтын Орданың  атақты ханы Махмұд Жәнібектің дулығасының қалай келіп түскені анықталды. Бұл туралы ақпаратты ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі таратты.

«Метрополитен өнер институтының музейі келушілерінің саны бойынша үшінші орында тұрған әлемнің ең ірі музейлерінің бірі. Бүгінгі таңда оның тұрақты топтамасында 2 миллионнан астам өнер туындысы сақталып тұр. Міне дәл осы Метрополитен музейінде Алтын Орданың  атақты ханы Махмұд Жәнібектің дулығасы сақтаулы тұр. Кезінде еуропалық саяхатшылардың дулығаны Тибеттен алып кеткені анықталған. Кейіннен оған АҚШ-тың белгілі бір коллекция жиюшысы ие болады. 2007 жылы дулыға Нью-Йорктегі Метрополитен өнер музейіне тапсырылады.  Дулыға болаттан жасалған, биіктігі 20-23 сантиметр, диаметрі 22 сантиметр, үшкір төбесі өткір қырлы, төменгі жиегінде  араб әріптерімен ойып жазылған «Жеңімпаз сұлтан Махмұд Жәнібек» деген күміс жалатылған жазу бар. Ғалымдардың пікірі бойынша, дулығаны кавказдық немесе ирандық шеберлер дайындаған. Дулыға тарихи құндылығы бойынша Қазақстанда табылған 84 дулығаның ішіндегі алғашқы бестікке кіреді», - делінген хабарламада.

Айта өтейік, жуырда ҚР Ұлттық музейінің қызметкерлері аталған музейде болып, іс-тәжірибеден өтті. 

 

 
3589 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper