Анонс


Жаяу Мұсаның беймәлім суреті табылды

Жұма, 03 Қазан 2014 02:30
Жаяу Мұсаның беймәлім суреті табылды KAZMUSEUM.KZ -  

Семейде қазақтың әйгілі әнші-сазгері Жаяу Мұсаның беймәлім суреті жұрт назарына ұсынылды. Абай әдеби-мемориалды мұражайының қызметкерлері бұл суретті Мәскеу мұрағатынан тапқан.  

Сурет 1927 жылы түсірілген. Авторы – орыс зерттеушісі Федор Фиельструп. 93 жастағы Жаяу Мұса киіз үйдің қасында бейнеленген. Мамандардың айтуынша, бұл сазгердің екінші суреті. Біріншісінде ол 50 жасында түсіпті.

Жандос Әубакір, Абай мұражайының директоры

- Семипалатинский, Баянаулский, Ащщысу, Аргын-Айдабол. 1927 год. Переструп» деген жазу бар. Яғни, бұл ешқандай күмәнсіз. Бірінші, өзінің күнделігінде жазғандығы, екінші жаңағы суреттің артында өзінің қолтаңба қалдырғандығы. Жаяу Мұса деген. 

 

5045 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper