Анонс


Ақтөбеден табылған «Алтын адам» музейге қойылды (ФОТО)

Сәрсенбі, 17 Наурыз 2021 16:59
Ақтөбеден табылған «Алтын адам» музейге қойылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Ақтөбе облысы Темір ауданы Тасқопа І қорымынан табылған сармат дәуіріндегі «Алтын адам» ғылыми реконструкциясы облыстық музейге қойылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сирек кездесетін бірегей археологиялық мұра «Алтын адам» (б.з.д. V ғасыр) - 2019 жылы Ақтөбе облысының Темір ауданы территориясында орналасқан Тасқопа І қорымындағы элиталық обадан табылған.

Бүгінгі күні табылған археологиялық материалдарды консервациялау және ғылыми-реставрациялау жұмыстары аяқталды. Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры Б.Байтанаев, ғылыми қызметкері А.Бисембаевтың және басқада мамандардың ғылыми кеңестері негізінде, Ресей Ғылым Академиясының Материалдық мәдениет тарихы институтының реставраторы Н.Курганов алғашқы тазалау, консервациялау жұмыстарын жүргізді.

 

Ғылыми деректерге сүйене отырып, жерлеу материалдары негізінде «Таскопа көсемінің» реконструкциясын жергілікті шеберлер Болат Атраубаев, Ерқосай Әбілов әзірледі.

 

Зерттеу жұмыстары барысында екі монолитте сақталған садақ пен қорамсақ, жебелер, 2 белбеу, шағын қалташа, камшы көшірмелері жасалды. Деректерге сүйене отыра сармат көсемінің киімдері: шалбары, жидесі, аяқ киімі, күртешесі және бас киімі қайта тігілді. Барлық бұйымдардың көшірмелері жоғары сынапты күмістен құйылып алтынмен жалатылып әзірленген.

 

Фотосуреттерді Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды. 

993 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper