Анонс


Бейнелеу өнері коллекциясындағы Ақтөбе өлкесі (XX ғасырдың бірінші жартысы)

Сейсенбі, 16 Наурыз 2021 00:51
Бейнелеу өнері коллекциясындағы Ақтөбе өлкесі  (XX ғасырдың бірінші жартысы) KAZMUSEUM.KZ -  

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану қорының бейнелеу өнері коллекциясы топтамасында құнды туындылар ерекше мәнге ие. Олардың ішінде түрлі бағыттағы Ә.Қастеев, А.Простев, Кожевников, С.Кукуруза, М.А. Касаткин, Н. Альмухамбетов, Г.Г.Полуэктов, М.Жаханов, Е.Исмаилов, В.Щукин, О. Хайруллин, Ә.Өтеген-Тана, М.Жақсығарина, Б.Целинская, М.Лунев, Н.И.Кононенколардың кескіндеме, живопись, портрет т.б көркемсурет туындыларын атауға болады. Соның ішінде музей қорына түрлі жылдары келіп түскен живопись туындылары назар аударталық, себебі коллекцияда көбіне түпнұсқа туындылар жинақталған. ХХ ғасырдың бірінші жартысына тән суреттемелерде қазақ жерінің табиғаты мен халқының тұрмысы, сол кезеңдегі саяси оқиғалар желісі немесе таптық теңсіздіктер бейнеленген. Ал сол кезеңдегі Ақтөбе өлкесінің пейзаж жанрында көрініс беруі бірнеше картиналарда көрсетілген.

Пейзаж – француздың peysage (pays-ел, жергілікті жер) сөзінен шыққан. Пейзажда жергілікті жерлердің, сәулеттік құрылыстардың, қалалардың (ветуда), теңіз көріністерінің (марина) нақты немесе өзгерген түрлері қайта өндіріледі. Пейзаж көбіне кескіндемелік, графикалық, скульптуралық жанр көрінісі аталады. Адамды, қоршаған табиғат құбылыстары мен нысандарын бейнелей отырып, суретші өзінің табиғатқа қатысын, оның қоғаммен қабылдануын білдіреді. Немесе картинада табиғат бейнеленсе, бейнелеу өнерінің бұл жанры пейзаж деп аталады. Пейзаж бейнелеу өнерінің әр түрінде кездеседі.

    ХХ ғасырдың бірінші жартысында Ақтөбе өлкесінің көріністері бейнеленген туындыларға тоқталсақ:

1.ГКП-1271. Целинская В. «Вид Актюбинска с северо-востока». 1922 жыл. Кенеп, майлы бояу. 30х75. Ақтөбе бекінісінің жазғы көрінісі, соның ішінде жыралы төбе үстіндегі үйлер, төбе етегіндегі өзен мен ағаш көпір, су жағасындағы ағаштар мен көгал бейнеленген. Живопись туындысын жағынды салу техникасымен (мазок) жүзеге асырған. Өңдеуді талап етеді.

2.ГКП-1274. Простев А.И. «Митинг в 1905 году у дома Баконина». Кенеп, майлы бояу. 75х55. Қала халқының топ болып, жазғы күндізгі уақытта митингке жиналған көрінісі. Ортада дүйім жұрттан биіктеу болып сөз сөйлеп тұрған ер адам нақты бейнеленген. Баконин үйі бір қабатты, шатырлы жер үй.  

3.ГКП- 1275. Простев А.И. «Актюбинск. Пожарная каланча. 1902 г». Қағаз, гуашь немесе темпера. Ақтөбе бекінісінің күндізгі уақытта өрт сөндіру бекеті мұнарасында тұрған кезекші бейнеленген. Күз мезгілі болуы мүмкін, себебі қара жер тақырланып көрсетілген. Бекет пен оның шарбағы украин ауылдарының көріністерін еске түсіреді.

4.ГКП-1276. Простев А.И. «Актюбинск в прошлом. 1905 г.» 1952 ж. 73х50. Кенеп, майлы бояу. Өткен ғасыр басындағы Ақтөбе бекінісінің жалпы көрінісі – үйлер, адамдардың күйбең тіршілігі көрініс тапқан. Алдыңғы қатарда диірменге келіп отырған шаруалар мен үй жануарлары көрсетілсе, артқы планда А.Невский шіркеуі мен адамдар тобы берілген. Уақыты – жаз мезілі, күндізгі уақыт.

 ХХ ғасырдың бірінші жартысында Ақтөбе бекінісінің табиғаты, көрінісі мен тұрмысын бейнелеп кейінгі ұрпаққа етіп қалдырған суретшілер туралы мәліметтерге тоқталсақ:

1.Целинская Валеска Юльевна (1876-1939). 1876 жылы Эстониядағы Вальск қаласында дүниеге келген, поляк ұлтынан. Ақтөбедегі бейнелеу өнері студиясында қызмет еткен, оның ескі Ақтөбе көріністеріне арналған пейзаж (майлы бояу, акварель) туындылары Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында сақтаулы.

2.Простев Алексей Иванович (1893-?). 1893 жылы Ақтөбе қаласында шаруа отбасында дүниеге келген. Әуелі қалалық төрт кластық училищені, сосын 1934 жылы Солтүстік Кавказ мемлекеттік институтының сурет және сызу бөлімін бітірген. 1939 жылы «Қазақстан суретшілері» күзгі есептік көрмесіне өз этюдтерін ұсынған. ҚазКСР Суретшілер одағының Ақтөбе бейнелеу өнері студиясы мен мектептердегі сурет салу балалар үйірмесінің негізін салушы. Жас буынды бейнелеу өнеріне баулуға көп үлес қосқан бірден-бір ұйымдастырушы.    

ХХ ғ бірінші жартысына жататын түрлі бейнелеу өнері туындылары мен олардың авторларына қарап, сол кезеңдегі кәсіби сурет салу өнерінің қазақ мәдениетіне ене отыра 30-жылдары тарихи-өлкетану музейінің ашылуына өз әсерін беріп және сурет, қолданбалы өнер туындыларының кейін музей экспозициясынан орын алғаның білеміз.   

    

Орынбасар ТӨЛЕГЕНОВ, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері

1727 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper