Анонс


«Асыл мұра» бағдарламасы: Домбыра мен қобыз (ВИДЕО)

Сәрсенбі, 03 Маусым 2020 14:32
«Асыл мұра» бағдарламасы: Домбыра мен қобыз (ВИДЕО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі жергілікті «Qogam TV» телеарнасымен бірлесіп, «АСЫЛ МҰРА» тарихи-тағылымдық жобасының музей қорындағы ұлттық музыкалық аспаптарға (қобыз бен домбыра) арналған бағдарламасын ұсынады.

Музыка әлемі - адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Ал, музыкалық аспаптар - өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі қалыптасқан бүтін бір халықтың бітім-болмысын, тыныс-тіршілігін, шежіре-тарихын айқындайтын бірегей мәдени мұра.

Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары жайындағы мәліметтер мен деректер ғасырлар қойнауынан жеткен халқымыздың күнделікті тұрмыс қам-қарекеті, дүниетанымы, діни-ғұрыптық ұстанымдары жүйесінен тамыр тартады. Дәстүрлі музыкалық аспаптар жүйесі әрбір халықтың, ұлт пен ұлыстың өз даму ортасына қарай үнемі орнап отыратын рухани-мәдени қарым-қатынас құралдарының бірі болып саналады.


«Асыл мұра» бағдарламасының төртінші хабары музей қорындағы музыкалық аспаптардан сыр тарқатты. Нартай Бекежанов пен Манап Көкеновтардың қолдарының табы қалған домбыралар, жырау Дүр Оңғардың саусағының ізі қалған домбырасы, Әлмырза Ноғайбаевтың  дутары, жырау, домбырашы Алмас Алматов Әміре Қашаубаевтан кейін Париж көгінде қазақтың дәстүрлі әнін шырқаған домбыра, эстрада жұлдызы Гүлнұр Оразымбетованың «Азия дауысы» фестивалінде сыйға алған асықты домбырасы туралы мәліметтер берілді.

561 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper