Анонс


Жаңа жоба: «Карантин кезіндегі жәдігер» (ВИДЕО)

Бейсенбі, 09 Сәуір 2020 16:59
Жаңа жоба: «Карантин кезіндегі жәдігер» (ВИДЕО) KAZMUSEUM.KZ -  

Бүгінгі таңда әлемдік пандемия деп танылған «COVID-19» вирусымен күресте елімізде көптеген іс-шаралар қолға алынып жатыр. Қазақстан Рсепубликасы Мәдениет және спорт министрлігі де осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. «Карантиндегі жұлдыз», «Онлайн дәріс» және т.б. көптеген жобалар жүзеге асып, өз көрермендерін қалыптастырып отыр. Бұл жобалардың негізгі мәні – карантин кезінде Отандастарымызға тарихи-мәдени, рухани байлығын кеңінен насихаттау, осылайша өшпес мұраларымызды дәріптеу.  

Министрлік бастамасына үн қосқан «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі де «Карантин кезіндегі жәдігер» атты музейлік-эстаета жобасын бастады. Вирус пайда болғанша музейге легімен келіп, таным көкжиектерін кеңейтіп, тарихи-мәдени мұраларымыздан хабардар болып, көңілі қуанып кетіп жататын келушілер аяғы бүгінде сап тиылған. Еліміздегі барлық мекемелер бүгінде қашықтықтан жұмыс істеуге көшкен, көптеген өңірлерде карантин жарияланып, барыс-келіс, бейсауыт жүріс сап тиылған осынау шақта «Есік» қорық-музейі тарихи-мәдени мұрамызды Отандастырымыз арасында насихаттау үшін жоғарыдағы жобаны бастады. Музейлік эстафета жобасының басты мақсаты – еліміздегі кез-келген музейде келушілер назарынан қағыстау қалатын, алайда, өзіндік құны бар, тарихи маңызға ие жәдігерлерді насихаттау. Бір жәдігер тарихы арқылы көне замандардан жеткен күмбірді, сол замандардың сырын, құпиясын, ерекшелігін ұғындыру, тереңнен тартар тамырымыздың түп-төркінін түсіндіру.


 «Есік» қорық-музейінің «Карантин кезіндегі жәдігер» музейлік эстафета жобасының шымылдығы 6 сәуір күні қорық-музейдің ғылыми қызметкері А. Чекиннің «Қола ауыздық» туралы шағын бейнесюжетімен басталды. Өз сөзінде ол ауыздық тарихын түсіндіре келе қорық-музей қорындағы бір ұшы дөңгелек, екінші ұшы үзеңгі пішіндес боп келетін ерекше ауыздық туралы, осындай артефакттерді зерттеуші ғалымдар туралы мәліметтерімен бөлісе келе кезекті эстафетаны әріптестеріміз «Таңбалы» Мемлекеттік табиғи тарихи-мәдени қорық-музейіне жолдады.

  Бұл жоба қорық-музейлер арасында ғана жүргені дұрыс емес деп шешкен қорық-музей ұжымы келесі «Қола арқар» бейнесюжетін жариялай отырып эстафетаны іліп әкету жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне ұсыныс жасады. «Есік» қорық-музейінің бөлім жетекшісі – Ә.Ж. Амарғазиева өзінің қола арқар туралы бейне сюжетінде аталмыш жәдігердің қорық-музейге қалай келгенін айта келе, осындай бұйымдардың таралу аймағына, оның мәні мен мағынасы тоқталып, әріптестерімізге табыс пен амандық тілей келе, болашақта жақсы күндерде жолыққанша деген тілегін де білдірді.

 

Досым ЗІКІРИЯ, «Есік» қорық-музейінің ғалым хатшысы

3629 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper