Конференция аясында, Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдық мерейтой құрметіне арналып Музейде Алаш әскерлері мен әскери тарихына арналған жаңа экспозиция ашылады. Сонымен бірге, XVI – XVІІ ғасырларда, Сыр өңірінде өмір сүрген даңқты батыр Айдарбек Өрісұлының өмірі туралы баяндама жасалып, батырдың ұрпақтары осы кезге дейін сақтап келген ақ сауыты музей арқылы қалың жұртшылықтың назарына ұсынылмақ.
Өтетін жері: ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейі, Астана қ., Республика даңғ., 2. Тел.: +7 (7172) 44-25-71
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылары, депутаттар, ғалымдар және журналистер қатысады.