Ұлттық музей автошеру қорытындысын жариялайды

Бейсенбі, 18 Қыркүйек 2014 06:00
Ұлттық музей автошеру қорытындысын жариялайды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастама¬сымен жүзеге асырылған «Мәдени мұра» бағдарламасының қабылданғанына 10 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі тұңғыш рет ұйымдастырған «Ұлттық мұра» автошеруінің қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі өкілдері, автошеруге қатысушылар - тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев, «Allur Auto», «СарыаркаАвтоПром», «Агромашхолдинг», «TURKUAZ AUTOMOTIVE» компанияларының өкілдері қатысады. 

Спикерлер Алматы – Тараз – Шымкент – Түркістан – Қызылорда – Жезқазған – Қостанай – Көкшетау – Астана бағытын қамтыған автошерудің нәтижесін баяндайды және келесі жылы өтетін автошеру жайлы сөз қозғайды. 

Жиын соңында автошеруге қатысушыларға құрмет көрсетіледі. 

Айта кетейік, жоба алдағы 3 жылға жоспарланған. 10 күнге созылған алғашқы автошеру 7 мың шақырымды қамтыды. Шара шеңберінде оның қатысушылары тарихи-мәдени нысандарды аралап, жұртшылықпен «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын одан әрі жалғастыруға бағытталған жұмыстарды үйлестірудің жоспарымен бөлісті.

Аталған шара 20 қыркүйек, сенбі күні сағат 10:00 – де басталады.

1913 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper