"Мәңгілік ел" қақпасында археологияға арналған көрме ашылды

Жұма, 30 Қараша 2018 01:37
"Мәңгілік ел" қақпасында археологияға арналған көрме ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Елорда тұрғындары мен қонақтары Астана аумағында жүргізілген  археологиялық қазба жұмыстарының қорытындыларымен таныса алады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

 «Мәңгілік ел» салтанат қақпасында «Астананың өткені мен бүгінінің сакральды әлемі» тақырыптық көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Шараның мақсаты – елорда аумағындағы қорғандарды археологиялық зерттеудің нәтижелерін жария ету. Қазба жұмыстары 2018 жылы жүргізілген болатын. «Экспозицияның ортасында –  «Күйгенжар» қорымында ер адам жерленген моладан табылған екі күміс сырға. Көне жәдігер YIII-IX ғғ жатады. Бұл бұйымдар өз заманынан сыр шертетін құнды дереккөз болып табылады. Ерлер костюмімен бірге олар әскери мәртебені білдірген. Мұндай типтегі сырғалар алғашқы Түрік қағанаттарының қалыптасу кезеңіндегі түрік экспансиясының ауқымын анықтауға мүмкіндік береді. Белдік пен сырға Моңғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі кеңістікте түркі жауынгерлерінің костюмінің ажырамас бөлігіне айналған. Экспозиция төрт блоктан тұрады: қола дәуір, ерте темір дәуірі, орта ғасыр, қазіргі заман. Иллюстративті материал маңызды аксессуардың далалық костюмдегі дизайнының нұсқаларын көрсетеді.

Көрме 12 желтоқсанға дейін жұмыс істейді.

106 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper