Қарағанды облысында 4 мың жыл бұрын жерленген жауынгердің қабірі табылды

Сәрсенбі, 25 Шілде 2018 02:26
Қарағанды облысында 4 мың жыл бұрын жерленген жауынгердің қабірі табылды KAZMUSEUM.KZ -  

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тапсырысы бойынша Тобылды қорымында археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілу үстінде, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты облыстық басқармаға сілтеме жасап.

Тобылды қорымы Шет ауданы, Талды ауылынан 9 км, Қаражартас қорымы (немесе «Сарыарқа» пирамидасы) маңына жақын жерде орналасқан. Тобылды қорымына археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің «Сарыарқа археологиялық институтының» археологы Игорь Алексеевич Кукушкиннің жетекшілігімен жүргізіліп жатыр.

Қорымдағы археологиялық қазба  жұмыстары барысында тас-қоршаудың ішінен қатар жерленген қос жылқының сүйектері және ауыздығы, найзаның тас ұшы, жебенің тас ұшы,қоладан жасалған найза ұшы, алтын жалатылған салпыншақ және көп мөлшерде керамикалық ыдыстар табылуда.

Жақын уақытта 4 мыңжыл бұрын жерленген қола дәуірі жауынгерінің жерлеу орны (қабірі) ашылады.

165 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper