Ұлттық музейде әлемге танымал туындылардың көрмесі ашылады Таңдаулы

Сенбі, 05 Мамыр 2018 01:13
Ұлттық музейде әлемге танымал туындылардың көрмесі ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Астананың 20 жылдығына орай ҚР Ұлттық музейі шетелдік бірнеше көрмені қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынатын болады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

2018 жылғы 28 маусымда Гран-Пале – Францияның Ұлттық музейлер бірлестігеннен келетін «Поль Серюзье және Бретань: аңыздар сиқыры» бейнелеу өнері көрмесі ашылады.

Аталмыш көрмеде атақты постимпрессионист Поль Гогеннің шәкірті Поль Серюзьенің картиналары қойылады. Көрме 2018 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

 

2018 жылғы 7 маусым күні «Третьяков галереясы топтамасынан ХХ ғасырдың 50 жауһары» атты орыс сурет өнері туындыларының көрмесі ашылады. Көрмеге «Қиық балта» көркемсурет бірлестігіне кіретін орыс авангардының әлемге танымал суретшілерінің туындылары ұсынылады. 

Көрме 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

 

2018 жылғы 15 маусым күні «Ұлы Моғолдар. Тарих жәдігерлері» атты көрме ашылады. «N. Sethi Foundation» Британдық комерциялық емес қайырымдылық қоры коллекциясынан жасақталған бұл көрме көрермендер назарына Ұлы Моғол мемлекетінің құрылуымен, дамуымен және билеушілерімен таныстыратын жәдігерлер ұсынады. Көрме 2018 жылдың 16 қыркүйегіне дейін жалғасады.

 

2007 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper