TWESCO Моңғолияға археологиялық экспедиция ұйымдастырады

Сенбі, 28 Мамыр 2016 06:31
TWESCO Моңғолияға археологиялық экспедиция ұйымдастырады KAZMUSEUM.KZ -  

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Моңғолия Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы Тарих, археология институтының директоры Чулуун Сампилдондов мырзамен кездесті, деп хабарлады академияның баспасөз қызметі.

Кездесуде тараптар «Ұлы дала» Форумы аясында қол қойылған ынтымақтастық меморандумы шеңберінде Моңғолия даласындағы көне түркі кешендерін жүйелі зерттеу, бірлескен шаралар өткізу және Шивээт улаан көне түркі ғұрыптық кешеніне археологиялық экспедиция ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Профессор  Ч. Сампилдондов TWESCO-ның ғылыми әлеуетіне зор баға беріп, халықаралық ұйымның көшпенділер өркениетін зерттеуге серпін беретініне сенім білдірді.  Қос ұйым басшылары 2016 жылдың тамыз айында Шивээт улаан кешеніне халықаралық экспедиция жасақтап, Түркі әлемі археологтарының басын қосатын жиын өткізуге уәделесті.

543 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper