Даниал Ахметов ШҚО-да археологиялық бағыттағы туризмді дамытуды тапсырды Таңдаулы

Жексенбі, 22 Қараша 2015 02:45
Даниал Ахметов ШҚО-да археологиялық бағыттағы туризмді дамытуды тапсырды KAZMUSEUM.KZ -  

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстағы археологияны дамыту туралы аймақтық бағдарлама құруды тапсырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі облыстық ақпараттық орталықтың қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтың геомәдени брендін құру және туризмді дамыту мақсатында, археологияны дамыту бағдарламасы құрастырылады. Аталмыш бағдарламаға тарихи-мәдени мұраны сақтау, қазба жұмыстарын, «Патшалар алқабы» археологиялық форумын ұйымдастыру шаралары кіреді.

Облыстық әкімдіктің отырысында белгілі болғандай, Өскеменге отандық және шетелдік жетекші ғалымдар шақырылмақ. Олар өңірдің археологиялық ескерткіштерін дәріптеу мәселесін талқылап қана қоймай, археологияны дамыту бағдарламасын құрастыруға ат салысатын болады. 
Облыс әкімі Даниал Ахметовтың айтуы бойынша, аймақтың бірегей ескерткіштері туралы барлығы білуі тиіс.

Осы мақсатта ол, Шығыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұрасын және табиғи-рекреациялық әлеуетін сақтау іс-шаралары енетін, археологияны дамыту аймақтық бағдарламасын құрастыруды тапсырды. Сондай-ақ, маңызды нысандарды инвентаризациялау, тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау және пайдалану, археологиялық зерттеулер ұйымдастыру, археологиялық форум өткізу бойынша шаралар атқару жұмыстары бағдарламаға енгізілмек.
– Патшалар алқабын әлі күнге толығымен зерттелмеген. Қазба жұмыстарына ең үздік археологтарды тарта отырып, біз ескерткіштерді дәріптеп, аймақтағы туризмді дамытуға жағдай жасаймыз. Біздің тарихымыз сақтап қалған байлықтарымызды көрсетуіміз қажет. Патшалар алқабына асқан қызығушылықпен келетіндей етуіміз қажет, - деді Даниал Ахметов.

 

Фото: Altaynews.kz 

772 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper