Анонс


Ақтөбе облысында ерлік жолын көрсететін музей туризмін қолға алу керек

Бейсенбі, 14 Мамыр 2015 15:33
Ақтөбе облысында ерлік жолын көрсететін музей туризмін қолға алу керек KAZMUSEUM.KZ -  

Ақтөбе облысының аумағында қазақтың батырлық тарихын көрсететін музей туризмінің жобасын қолға алу керек. Бұл пікірді белгілі музейтанушы ғалым Бақытхан Оразымбетова айтты.

«Ақтөбе облысындағы савромат мәдениеті музей туризміне сұранып тұрғалы қашан?! Ешкім мұны қолға алып жатқан жоқ. Одан беріректегі Қобыланды батырдың тарихының өзі туризмге дайын тақырып. Батырлар жырына арқау болған Қобыландының ерлігін Ақтөбе өңіріндегі ұрпақтары мен жерлестері жалғастырды. Атап айтсақ, Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісті бастаған Амангелді Имановтың атасы Иман Кенесары ханның замандасы болып, Кенесары бастаған көтеріліске қатысқан. Ал, Амангелдінің ұлы Рамазан Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып, ерлік көрсетті. Бұл Ақтөбе өңірінде ерліктің генетикалық жолмен берілетіндігін көрсетеді. Шетелдіктерді осы тарихымыз қатты қызықтырады. Олар біздің генетикалық дамумызға ерекше мән береді. Біз осыны пайдаланып, музейлердің қызметі арқылы барымызды көрсетуіміз керек», - деді Б.Камалқызы.

Айта өтейік, Ақтөбе облысының аумағында қазіргі уақытта музей туризміне лайықты Қобыланды мемориалдық кешені, «Әлия» мемориалдық музейі, облыстық тарихи-өлкентану музейі бар. 

2669 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper