Анонс


Елімізде «Данышпандар елі» атты жаңа жоба басталады

Бейсенбі, 14 Мамыр 2015 10:04
Елімізде «Данышпандар елі» атты жаңа жоба басталады KAZMUSEUM.KZ -  

Таяу күндері елімізде музей ісіне қатысты «Данышпандар елі» атты жаңа жоба қолға алынады. Бұл туралы белгілі музейтанушы ғалым Бақытхан Оразымбетова мәлімдеді.

«Ешқандай облыстың топырағы қазаққа 15 академикті берген жоқ. Павлодар облысының Баянауыл өңірі ғана елімізге 15 академик пен өзге де өнер тарландарын сыйлады. Біз биыл осыған орай «Данышпандар елі» жобасын қолға алып отырмыз. Бұл жоба Павлодар облысына тікелей қатысты. Мысал үшін айтайын, Павлодар өңірінен шыққан Қаныш Сәтбаевтың өмірін зерттеу үшін еліміздегі 5 музейде болуыңыз керек екен. Атап айтсам, Жезқазған, Жезді, Ұлытау, Баянауыл және Алматы музейлерінде Қаныш Сәтбаев жайлы деректер жақсы сақталған. Бір ғана Қаныштың ғұмырының өзі туризм картасына сұранып тұр. Қанышты зерттеймін деушілерге біз осындай туристік маршруттар ұсынамыз», - деді Б.Камалқызы.

 

2793 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper