Анонс


Атырау тарихи-өлкетану музейі «Жас экскурсоводтар» клубының қатарын толықтырды

Бейсенбі, 20 Ақпан 2020 03:00
Атырау тарихи-өлкетану музейі «Жас экскурсоводтар» клубының қатарын толықтырды KAZMUSEUM.KZ -  

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі «Жас экскурсоводтар» клубының қатарын толықтырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Аталған клуб 2013 жылдан бері тұрақты жұмыс жасап келеді.  Ондағы басты мақсат – жас ұрпаққа кең-байтақ жеріміздің лайықты мұрагері ретінде туған өлкеміздің тарихын  таныстыру арқылы,  өскелең ұрпақтың музейге деген қызығушылығын арттыру,  мектеп қабырғасынан алған білімін жетілдіру және халық алдында именбей сөйлеуге, өз ойын ашық айтуға, сөздік қорын байытуға,  жалпы экскурсиялық қызметтің қыр-сырын үйрету.

Қуантарлығы - «Жас экскурсовод» клубына қатысам деушілердің қатары жыл сайын көбейіп келеді. Мысалы, 2018 жылы клуб құрамында 15 оқушы болса, 2019 жылы барлығы 22 оқушы болған. Ал биылғы жылы оқу бағдарламасының қиындығына қарамастан музей жұмысына қызығып,  экскурсовод болғым келеді деген №13 Д.Байбосынов, №10 С.Мұқанов, №12 Ф.Досымова,  №5 Ғ.Мүсірепов, №17 мектеп-лицейі, үш тілде оқытатын «Дарынды балаларға» арналған мамандырылған №30 және №36 мектеп-гимназиясынан 10-16 жас аралығындағы барлығы 30 оқушы ерікті түрде  клуб құрамына қабылданды.

Жұмысын қаңтар айынан бастаған клуб мүшелеріне алдымен музейдің экспозициялық залдары таныстырылып, тақырыптық сабақтар өткізілуде.  Барлық ақпаратпен танысқан соң клуб мүшелері өздері таңдаған  экспозициялық залдарға экскурсия жүргізуге дайындықты бастайды. Сабақ барысында оларға жалпы музей және музей қызметкерлерінің атқаратын қызметі, экскурсия жүргізудің қыр-сыры түсіндіріледі.  

2403 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper