Анонс


Ә.Қастеев музейі жазғы каникулға арналған бағдарламасын ұсынады

Сейсенбі, 10 Шілде 2018 03:11
Ә.Қастеев музейі жазғы каникулға арналған бағдарламасын ұсынады KAZMUSEUM.KZ -  

 Ә. Қастеев атындағы өнер музейі балалардың жазғы демалысына арнап, 2018 жылғы шілденің сенбі, жексенбі күндері «Сиқырлы шам» музейлік-отбасылық шығармашылық фестивалін өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Фестивальдің бағдарламасы:

ӘР СЕНБІ ЖӘНЕ ЖЕКСЕНБІ КҮНДЕРІ:

  – қыш-құмыра қолөнері бойынша ашық шеберхана (1500 тг.)

  – құмшекерлі печеньені сәндеу бойынша аспаздық шеберлік сабағы (1800 тг.)

14 шілде (сенбі) – батик бойынша мойынорағыштарға жапондық Шибори техникасында өрнек салу (3000 тг.)

15 шілде (жексенбі) – Чим Чи дәстүрлі техникасында ши тоқыма дайындау (1500 тг.)

21 шілде (сенбі) –  кіші пластика техникасында саз мүсіндеу (1000 тг.)

22 шілде (жексенбі) – миниатюра техникасында керамикалық күшіктерді өрнектеу (1500 тг.)

28 шілде (сенбі) –  батик бойынша мойынорағыштарға жапондық Шибори техникасында өрнек салу (3000 тг.) 

29 шілде (жексенбі) – Чим Чи дәстүрлі техникасында ши тоқыма дайындау (1500 тг.)                         

Фестивальдің әр күні музейдің залдарына тегін кіру, сондай-ақ іштей тілек тілеп «сиқырлы шамның» жанында суретке түсу мүмкіндігі бар.

Бір шеберлік сабаққа қатысу құны 1500 тг-ден 3000 тг-ге дейін. Шілде айының барлық шеберлік сабақтарына қатысамын деушілерге абонемент жүйесі қарастырылған – 15 000 тг.

Анықтама үшін байланыс: + 7 727 394 57 15, 8 777 29 89 049

www.gmirk.kz 

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі 

 Алматы қ., Көктем-3, 22/1

 

 

*Ұйымдастырушы бағдарламаны өзгерту құқығына ие

 

2697 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper