Анонс


Алматыдағы ең қызықты «Музейдегі түн» акциясы Ә.Қастеев атындағы музейде өтетін болды (БАҒДАРЛАМА) Таңдаулы

Сейсенбі, 16 Мамыр 2017 04:40
Алматыдағы ең қызықты «Музейдегі түн» акциясы Ә.Қастеев атындағы музейде өтетін болды (БАҒДАРЛАМА) KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР  Ә. Қастеев атындағы  Мемлекеттік өнер музейінде 2017 жылғы 18 мамыр күні сағат 16.00-ден 24.00-ге дейін  «Музейдегі түн» атты акция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Музейдегі түн» - бұл Халықаралық Музей Күніне арналған бірегей көркемдік-мәдени іс-шара болып табылады.

 

Іс-шара «Музейдегі шарлама елестер» деп аталады. Арнайы шақырылған қонақтардың қатарында Сергей Соловьев және «Па Кампасам» тобы бар.

                  

«Музейдегі түн»

шарасының бағдарламасы:

 

16.00 – Музей қызметкерлерінің дәстүрлі "Көктемгі экзерсисы" атты көрмесінің ашылуы;

 

16.30 – Қырғыз суретшілерінің халықаралық көрмесі. Интерактивті инсталляция және тақырыптық фото-аймақтары. Шайдан дәм тату және қолөнер жәрмеңкесі. food-аймақ пен экспозициялар еркін жұмыс істейді;

 

17.00 – 19.00 – тақырыптық шеберлік-сабақтары, музейдің фойесі мен конференц-залында, құммен кескіндеме (2000 теңге), аспаздық шебер-сабағы, түрлі-түсті мастикамен мерекелік пишенелерді әрлеу (2000 теңге)  және сонымен қатар керамикалық шеберханасы ашық болады (1000 – 1500 тенге);

 

19.00 – 21.00 – open-air алматылық  рок-тобы «Па Кампасам», сәнді дефиле және музей ауласында дискотека;

 

21.00 – 23.00 – «Музейдегі шарлама елестер» перформанстары және  музей экспозициясында би-музыкалық этюдтер;

 

23.00 - Ұмытылмас  кештің хедлайнері  Lumiere атынан fire-show;

 

Әрі қарай қонақтар 24.00 дейін музейді еркін арлауға болады.

Кеш бойы музейге кіру, экспозицияларды аралау тегін.

2679 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper