Анонс


Ұлытау өңіріне саяхаттаушыларға арналған бағдарлама жасалды

Жексенбі, 09 Сәуір 2017 02:35
Ұлытау өңіріне саяхаттаушыларға арналған бағдарлама жасалды KAZMUSEUM.KZ -  

«Қазақстандық  ұлттық географиялық қоғамы»  республикалық қоғамдық басқарушы кеңесі бірлестігінің кезекті отырысында «Ұлытау» жол көрсеткіші таныстырылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Басылымның авторы  танымал саяхатшы, «Авалон» тарихи-географиялық қоғамының президенті – Виталий Шуптар.

Жол көрсеткіш 100 беттен құралып,  50-ден астам Ұлытау туристік нышандары  туралы әңгімелейді, әр нышан GPS координаттарымен көрсетілген. Мазмұнында 6 карта және 60-тан астам фотосуреттер қолданылған.

Жол көрсеткіш үш тілдік нұсқада (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) шығарылды.  Жалпы таралымы 3000 дананы құрайды. Жол көрсеткіш басылымына  Қарағанды облысы бойынша QazaqGeography өңірлік өкілі – «Ұлытау»  ұлттық қорық-музейі де қатысты. 

 

Фото: Abai.kz 

2522 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper