Анонс


Оралдағы облыстық музейде мерекелік шаралар өтті

Бейсенбі, 19 Мамыр 2016 01:05
Оралдағы облыстық музейде мерекелік шаралар өтті KAZMUSEUM.KZ -  

Оралдағы облыстық қазақ драма театрында Музейлердің халықаралық  күніне орай “Ашық есік күні” жəне “Музейдегі түн” акциясы шеңберінде “Мəңгілік елге саяхат” атты мерекелік салтанатты шарасы өтті, деп хабарлады «ЖайықПресс».

Театр фойесінде музей тарихынан сыр шертетін көрмелер ұйымдастырылды. Салтанатты шараға облыс əкімінің орынбасары М.Тоқжанов, мəдениет жəне музей саласының қызметкерлері мен ардагерлері қатысты. Өңір басшысының орынбасары М.Тоқжанов пен облыстық мəдениет, мұрағат жəне құжаттама басқармасының басшысы Д. Құсайынов сала қызметкерлерін кəсіби мерекелерімен құттықтап, бір топ сала қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.

    “Ашық есік күні” бүгін күндізгі сағат 10.00-ден түнгі 02.00-ге дейін түрлі танымдық шаралармен жалғасын таппақ. Қала тұрғындары мен қонақтары күні бойы облыстық өлкетану музейінен  “Ғасырлар мұрасы” қолөнер шеберлері жəрмеңкесін, квест ойынын, ХІХ-ХХ ғасырлардағы самауырындар көрмесін, Қаратөбе аудандық балалар шығармашылығы орталығының “Жауқазын” жобасын, музей залдарындағы шеберлік кластарын, Домбыра-party, спорттық ойындарды тамашалай алады. Сондай-ақ “Тарихтың сырлы əлемі” Алтын ханшайым, Жəңгір хан мен Фатима ханым, Махамбет бейнелеріндегі театрландырылған көріністерге, музей қызметкерлерінің дайындаған ойын-сауық бағдарламаларына куə бола алады.

2848 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper