Анонс


Ұлттық музейде «Музейдегі түн-2016» акциясы өтеді Таңдаулы

Сейсенбі, 17 Мамыр 2016 02:31
Ұлттық музейде «Музейдегі түн-2016» акциясы өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 18 мамыр күні сағат 18:00-01:00 уақыт аралығында  Музей күніне орай «Музейдегі түн-2016» акциясы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Акция барысында Ұлттық музей қонақтары үшін көне және қазіргі Қазақстан тарихы мен мәдениетін таныстыратын барлық залдарға тегін экскурсиялар ұйымдастырылады. 
 Сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады. Мерекелік шара лазерлік шоумен аяқталады. 
Айта кетейік, бүгінгі таңда "Музейдегі түн" акциясын өткізу әлемнің 40-тан астам елінде дәстүрге айналған. Қазақстандағы бірқатар музейлер де бұл атаулы датаны үлкен дайындықпен қарсы алады. Ұлттық музей аталмыш іс-шараны осымен екінші рет өткізгелі отыр. Өткен жылы дәл осы акцияға 23 мыңнан астам адам қатысқан болатын.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын игілікті бастаманың куәгері болуға шақырамыз.

2510 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper