Анонс


ПМУ-да «Музейдегі түн» шарасы өтті

Сәрсенбі, 13 Қаңтар 2016 23:36
ПМУ-да «Музейдегі түн» шарасы өтті KAZMUSEUM.KZ -  

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің музей-кешені «Музейдегі түн» шарасын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz

С. Торайғыров атындағы ПМУ баспасөз орталығының мәліметінше, бұл күні университетте бес арнайы музей алаңдары ашылды. Бірінші алаңда күй атасы – Қорқыт ата иелік етті. Бұл алаңда қонақтар Қорқыт бабаның ғұмырнамасы мен күйлері туралы мәліметке қанық болды.

Екінші алаңда қазақтың қасиетті қара домбырасы орын алды. Бұл кезеңде оқушылар домбыраның шығу тарихы мен аңыздарын естіп, домбыра жайында көп мәліметпен танысты.

Келесі алаңда киізі үй бейнеленді. Мұнда балалар көшпенді халықтың баспанасы – киіз үйдің құрылымы мен жабдықтары турасында терең ақпар алды. Сондай-ақ, бұл алаңның иесі қонақтарға бесіктің тәрбиелік мәні мен тарихы туралы әңгімелеп берді.

Тағы бір алаң қазақ батырына қажетті бар дүниемен жабдықталған. Мұнда оқушылар сарбаздың бес қаруымен танысты. Бүлдіршіндер ата-бабаларының жаумен шайқаста қолданған жақ, оқ, семсер, қылыш, найза, айбалта және шоқпар сынды қару түрлерін танып-білді.

Ал соңғы кезеңде қонақтар шеберлердің қожалығына өтті. Бұл алаңда музейдегі әшекей бұйымдар жинақталған. Бұдан өзге, сәулет және құрылыс факультетінің студенттері өз қолдарымен жасаған әшкей бұйымдарын көрсетіп, олардың жасалу жолдарымен таныстырды.

2488 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper