Анонс


С.Мұқанов музейі ашық есік күнін өткізеді

Сәрсенбі, 18 Қараша 2015 11:00
С.Мұқанов музейі ашық есік күнін өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

Жазушы Сәбит Мұқановтың Алматы қаласындағы мемориалдық музей-пәтері «ашық есік күні» шарасын өткізеді, деп хабарлайды музей әкімшілігі.

«Қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдағы аса көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, драматург, ақын, академик Сәбит Мұқановтың өмірінің соңғы 8 жылын өткізген үйі әдеби-мемориалды музей кешеніне айналғанына 37 жылдың жүзі болды. Сәбеңнің көзі тірісіндегі қалпын сақтаған, өзі тұтынған заттардың өзіндік тарихымен, шертер сырымен танысқыңыз келсе, қарашаның 21 күні музейдің ашылу күніне орай ұйымдастырылған «Ашық есік күніне» келіңіздер! 8 мыңға жуық жәдігерліктері бар музейден алар рухани азығыңыз да мол болмақ!», - делінген хабарламада.

Айта өтейік, музейдің мекен-жайы М.Төлебаев көшесі 125 үйдегі пәтерде орналасқан (Қарасай батыр көшесінің қиылысы).
Байланыс телефондары: 2725912, 2728286

4450 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper